13 Қаз 2020
Материал Г.Муратбаев

Мектеп жарғысы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

 

                                                               

 Атырау қалалық әкімдігінің

2017 жылғы «15»  тамыз

№ 1616 қаулысына қосымша

                                                                             

 «Қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне

қарасты жалпы білім беретін Ғ.Мұратбаев атындағы

орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

ЖАРҒЫСЫ

 

 

 1.Жалпы ережелер

 

  1. «Қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты жалпы білім беретін Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мектеп) функцияларын жүзеге асыру үшiн ұйымдық құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесiне ие коммерциялық емес мекеме болып табылады.

         Мектеп өзінің қызметін Қазақстан Республикасының  Конституциясына, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, «Білім туралы» заңына, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, барлық дәрежедегі білім беру органдарының, жергілікті әкімдіктің және әкімнің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сонымен қатар, осы жарғыға (бұдан әрі - Жарғы) сәйкес жүзеге асырады.

  1. Мемлекеттiк мекеменiң түрi: коммуналдық.
  2. Мектеп 01.09.1965 жылғы «Балықшы аудандық атқару комитеті» шешiмiмен құрылды.
  3. Мектептің құрылтайшысы - Атырау қалалық әкімдігі (бұдан әрі - Құрылтайшы) болып табылады.
  4. Мектептің мемлекеттік басқару органы болып «Қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқару органы) болып табылады.

         Басқару органы Мектепті қаржыландырады, материалдық-техникалық жабдықтауды және қызметін әдістемелік қамтамасыз етеді.

  1. Мектептің мемлекеттік тілдегі толық атауы: «Қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты жалпы білім беретін Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

         Мектептің орыс тіліндегі толық атауы: Коммунальное государственное учреждение «Средняя общеобразовательная школа имени Г.Муратбаева»  государственного учреждения «Городской отдел образования».

  1. Мектептің заңды мекен-жайы: 060021, Атырау облысы, ЖҰМЫСКЕР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ, АТЫРАУ ҚАЛАСЫ, ЖҰМЫСКЕР АУЫЛЫ, Сабыр Бекмағамбетов көшесі, 2 құрылыс.

 

  1. Мектептің заңдық мәртебесi

 

  1. Мектеп мемлекеттiк тiркелген кезден бастап құрылды деп есептелiп, заңды тұлғаның құқықтарына ие болады.
  2. Мектептің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерiмi, банкте шоттары, бланкiлерi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттiк мекеменiң атауы жазылған мөрi болады.
  3. Мектеп басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
  4. Мектеп өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiнiң кепiлдiгiндегi ақшамен жауап бередi. Мемлекеттiк мекемеде ақша жеткiлiксiз болған кезде оның мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк тиiстi бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапты болады.
          12. Мектептің азаматтық-құқықтық мәмiлелерi, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң аумақтық қазынашылық бөлiмшелерiнде тiркелгеннен кейiн, күшiне енедi.

 

  1. Мектептің міндеттері, мақсаттары және қызметі

 

  1. Мектептің негізгі міндеті: жеке адамның (оқушының) қалыптасуы, дамуы және жалпы адамгершілік құндылықтардың негізінде кәсіптік шыңдауға бағытталған білімді алуы үшін қажетті жағдай жасау, ғылым және тәжірибеге қол жеткізу, оқудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының талаптарын және сәйкесті оқу бағдарламаларын орындау болып табылады.
  2. Мектептің басымдық міндеттері:

         1) білікті жеке тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға бағытталған білім беру бағдарламаларын меңгеру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдайлар жасау;

         2) білім алушылардың тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген базистік ғылыми негіздерді алуын қамтамасыз ету;

         3) жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және дене бітімі мүмкiндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру;

         4) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттiк рәміздерді және мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қадірлеуге, Конституцияға және қоғамға қайшы келетін кез келген көріністерге төзбеушілікке тәрбиелеу;

         5) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке тұлғаны тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне араласу қажеттілігін, жеке тұлғаның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;

         6) отандық және әлемдік мәдениет жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен Қазақстан Республикасында тұратын басқа да ұлттардың тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу.

  1. Мектептің басымдық мақсаты - имандылық, зияткерлік, мәдени, тәндік жағынан дамыту және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру мақсаттарында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқытудың үзіліссіз процесін қалыптастыру.
  2. Лицензиялау рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі пайдаланыла отырып, электрондық нысанда жүзеге асырылады.
  3. Жеке тұлғаның қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, білім беретін оқу бағдарламаларының мазмұнына, білім берудің әрбір деңгейін алуға қол жеткізу жағдайларының жасалуына қарай оқыту күндізгі, экстернат және ерекше білім беру қажеттілігі бар адамдар (балалар) үшін қашықтықтан оқыту нысандарында жүзеге асырылады.
  4. Мемлекет инклюзивті білім беру мақсаттарын іске асыра отырып, білім берудің барлық деңгейлерінде ерекше білім беру қажеттілігі бар азаматтарға олардың білім алуына, дамуындағы ауытқуды түзетуіне және әлеуметтік бейімделуіне арнайы жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.
  5. Денсаулық жағдайы бойынша ұзақ уақыт білім беру ұйымдарына бара алмайтын азаматтар үшін үйде немесе стационарлық көмек көрсететін, сондай-ақ қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту ұйымдарында тегін жеке оқыту ұйымдастырылады.
  6. Он алты жасқа дейінгі балаларды білім беретін мемлекеттік ұйымдардан шығаруға құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны, білім беру ұйымдарының жарғысын өрескел және бірнеше рет бұзғаны үшін білім беру ұйымын Басқару органының шешімі бойынша ерекше жағдайларда рұқсат етіледі.

         Жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды шығару туралы шешім қорғаншылық және қамқоршылық ұйымдарының келісімімен қабылданады.

 

          Мемлекеттік білім беру ұйымдарынан шығарылған балалардың жалпы орта білім алуы түзеу мекемелері жанындағы жалпы білім беретін мектепте, кешкі және жекеменшік мектепте немесе экстернат нысанында жалғасады.

  1. Мектептің қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәмiле, Қазақстан Республикасының шектеулi заңдарында немесе құрылтай құжаттарында не басшының жарғылық құзыретiн бұза отырып, жасалған мәмiле Құрылтайшының немесе мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi органның не прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
  2. Мектеп басшысының мемлекеттiк мекемемен жарғылық емес қызметтi жүзеге асыруға бағытталған әрекетi еңбек мiндеттемелерiн бұзу болып табылып, тәртiптiк және материалдық жауапкершiлiкке әкеледi.

 

  1. Білім процесінің мақсаты, жүзеге асырылатын  оқу бағдарламаларының тізбесі

 

  1. Мектеп білім беру процесін орта білім беру деңгейлерінің: бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырады.
  2. Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары баланың жеке басын қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң талпынысы мен алғырлығын: негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен меңгеру үшін оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің, мінез-құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған.
  3. Оқу бағдарламалары білім берудің тиісті деңгейлері мен олардың сатыларының мазмұнын анықтайды.
  4. Жалпы білім беретін оқу бағдарламасы білім алушылардың бейін алды даярлығын қамтиды.
  5. Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары білім алушылардың ғылым жүйесінің базалық негіздерін меңгеруге, олардың бойында тұлғааралық және этносаралық қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға, жеке адамның өзін-өзі билеуіне және кәсіптік бағдарлануына бағытталады.

         Әрбір пәннің мазмұнын зерделеу негізгі орта білім беру деңгейінде аяқталады.

  1. Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бейіндік оқытуды енгізе отырып саралау, интеграциялау және білім беру мазмұнын кәсіптік бағдарлау негізінде әзірленеді.
  1. Білім алушылардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкiлдерінiң мүдделерiн ескере отырып және жергiлiктi білім берудi басқару органдарымен келісу бойынша білім беру ұйымдарында инклюзивті сыныптар (бір сыныпта ерекше білім беру қажеттілігі бар екі баладан артық оқытылмауы тиіс) және (немесе) бұзушылық түрлері бойынша арнайы сыныптар ашылуы мүмкiн.

         Инклюзивтік сыныптарда оқитын ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы мен ұсынымдары бойынша жалпы білім берудің оқу бағдарламасы немесе жеке бағдарлама бойынша білім алуы мүмкін.

         Инклюзивтік және (немесе) арнайы сыныптарда оқитын ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін түзету сабақтарын арнайы педагогтер (дефектолог, олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог, логопед және басқалар) жүзеге асырады.

  1. Мектепте оқу және тәрбие процесі оқу жұмыс бағдарламаларына және оқу жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
  2. Мектепте қосымша білімнің білім беретін оқу бағдарламалары іске асырылады.

 

  1. Мектепке қабылдау тәртібі

 

  1. Бастауыш білім беру ұйымдары даярлық деңгейіне қарамастан, кезекті оқу жылының 1 қыркүйегіне дейін білім беру ұйымдарының қызмет көрсету аумақтарындағы алты (жеті) жасқа толған барлық балалардың бірінші сыныпқа, бес (алты) жасқа толған барлық балалар мектеп алды даярлық тобына қабылдануын қамтамасыз етеді.

         Бірінші сыныпқа балаларды қабылдау үшін мынадай құжаттар қажет:

          1) баланың заңды өкілдерінен өтініш;

          2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

          3) денсаулық жағдайы туралы анықтама (медициналық паспорт);

         4) тұратын жерінен анықтама немесе тұратын жерін растайтын басқа құжат;

          5) 3x4 көлеміндегі фото - 2 дана.

       Бастауыш білім беру ұйымының бірінші сыныбына баратын балалардың заңды өкілдерінен өтініш қабылдау ағымдағы жылдың 1 маусымы мен             30 тамызы аралығында жүргізіледі.

  1. Бастауыш білім беру ұйымдарына білім алушыларды қабылдау кезінде басшылар оқуға келушілерді, олардың заңды өкілдерін осы Қағидалармен, жарғымен және білім беру процесін ұйымдастыруды регламенттейтін басқа да құжаттармен таныстырады.
  2. Бастауыш білім беру ұйымының бірінші сыныбына қабылдау кезінде емтихандар, тестілеулер, сынақтар, конкурстар жүргізілмейді.

         Мектепке дейінгі мекемелерде болмаған немесе мектепалды даярлықтан өтпеген балалар үшін білім беру ұйымдары оқу жылы басталғанға дейін даярлық курстарын ұйымдастырады.

  1. Білім алушылар қатарына қабылдау Мектеп басшысының бұйрығы негізінде жүргізіледі.
  2. Сыныптарды даярлық деңгейі және даму дәрежесі бойынша жасақтауға рұқсат етілмейді. Бұл ретте сыныптағы шекті сыйымдылық 25 білім алушыдан аспайды.
  3. Бастауыш білім беру деңгейін аяқтаған білім алушыларды, негізгі орта білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы сыныптарына қабылдау білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен құрылатын комиссияның шешімімен жүзеге асырылады және заңды өкілдердің мүдделері ескеріле отырып аталған ұйымға бекітілген аумақта тұратын барлық білім алушылардың қол жеткізуі қамтамасыз етіледі.
  4. Бейінді мектептің оныншы немесе он бірінші сыныптарына қабылдау оқытудың бейінін таңдау кезінде білім алушының қызығушылығы, бейімі мен қабілеті ескеріле отырып, білім алушының тұратын аумағын ескерместен баланың заңды өкілінің келісімімен білім алушының жеке өтініші және негізгі орта білім деңгейі туралы мемлекеттік үлгідегі құжатының болуы негізінде жүзеге асырылады.

         Өтініштерді қабылдау негізгі орта білім беру деңгейі туралы мемлекеттік үлгідегі құжатты бергеннен кейін басталады.

  1. Білім алушыларға және білім алушының заңды өкілдеріне осы Қағидалармен, Мектеп жарғысымен, білім беру қызметін жүргізу құқығына берілетін лицензиямен, жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымына қабылдау тәртібімен, білім беру ұйымының қызметін реттейтін басқа да құжаттармен танысуға мүмкіндік беріледі.
  2. Жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымының оныншы немесе он бірінші сыныбына қабылдаудан бас тартылған жағдайда білім беру ұйымын бітіруші және (немесе) оның заңды өкілдері білім беру саласындағы уәкілетті органдарға шағымданады.

 

  1. Мектептің оқу процесін ұйымдастыру

 

  1. Жалпы негізгі, жалпы орта оқу бағдарламаларын меңгеру бітірушілердің міндетті қорытынды мемлекеттік аттестация тапсыруымен аяқталады.
  2. Мектепте білім беру процесін ұйымдастыру оқу жоспарының негізінде құрылады, жылдық күнтізбелік жұмыс оқу кестесімен және сабақтар кестесімен регламенттеледі.
  1. Мектеп оқу жоспарының вариативтік компонентінің сағаттарын мектептен тыс жерде (мәдениет, спорт мекемелерінде, әскери объектілерде, зерттеу зертханаларында, өнеркәсіптік кәсіпорындарда және т.б.) өткізуге құқылы.
  2. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің оқу жүктемесі, сабақ режимі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, санитариялық қағидалар, оқу жоспарлары мен денсаулық сақтау және білім беру органдарының ұсынымдары негізінде әзірленген Мектеп бекітетін ережелермен айқындалады.
  3. Мектепте балалар мен жасөспірімдерді медициналық қамтамасыз ету ұйымдастырылады.

         Мектепте медициналық пункттердің ең шағын үй-жайлары медициналық қызметкердің кабинеті мен ем-шара кабинетін қамтиды.

  1. Мектепте сабақтар кестесін оның басшысы не оны алмастыратын тұлға бекітеді.
  2. Сабақ кестесінде оқу сабақтарының күнделікті саны, ұзақтығы және реті көрсетіледі.

         Мектеп сабақ кестесі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тамақтануы мен белсенді демалуы үшін ұзақтығы жеткілікті үзілістерді көздейді.

  1. Мектеп білім алушылардың бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеруін бақылау мақсатында оқушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды және білім алушыларды аралық аттестаттауды жүзеге асырады.
  2. Мектеп білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды жүзеге асыру және оларға аралық аттестаттау жүргізу нысандарын, тәртібін және мерзімділігін таңдауда дербес болады.
  3. Мектеп өздерінің жарғысында айқындалатын оқыту нысандарын, құралдарын және әдістерін дербес таңдайды.
  4. Меншік нысандарына қарамастан Мектеп білім алушылардың мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін білуін, сондай-ақ білім берудің тиісті деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес орыс тілін және шет тілдерінің біреуін оқып-үйренуін қамтамасыз етеді.
  5. Меншік нысандарына қарамастан Мектеп білім алушылардың тамақтану мәдениетін қалыптастыруды, оның ішінде үйлестірілген пайдалы тамақтану және табиғи, жаңа піскен өнімдерді тұтынуды насихаттау арқылы қамтамасыз етеді.
  6. Педагог қызметкер жыл сайынғы медициналық тексеруден, сондай-ақ бес жылда кемінде бір рет аттестаттаудан өтеді.

         Орта білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды ведомстволық бағыныстылығына қарамастан Басқару органы өзінің құзыретіне сәйкес жоспарлы тәртіппен бес жылда бір рет өткізеді.

         Мектептегі жұмыс уақыты: 08:00-дан 19:30-ға дейін, оның ішінде бірінші кезеңдегі оқу уақыты: 08:00-дан 13:30-ға дейін, екінші кезеңдегі оқу уақыты: 14:00-ден 19:30-ға дейін.

         Аптасына ең көп сағат саны:

         1) мектеп алды даярлық - 24 сағат

         2) 1 деңгей (1-2 сыныптар) – 24-25 сағат;

         3) 1 деңгей (3-4 сыныптар) – 29 сағат;

         4) 2 деңгей (5-6 сыныптар) – 32-33 сағат;   

         5) 2 деңгей (7,8,9 сыныптар) – 34,36,38 сағат;

         6) 3 деңгей (10-11 сыныптар) - 39 сағат.

  1. Бастауыш сыныптарда білім алушылар оқу қызметінде қажетті дағды мен біліктілікке үйренеді, санауға, жазуға, оқуға үйренеді, теориялық ойдың элементтерін, мәдениетті сөйлеу және өзін-өзі ұстауды, жеке гигиена мен салауатты өмір салтының негіздерін игереді. Оқу пәндері қоғам, адам және еңбектің табиғаты жөнінде жалпы көрініс беретіп жинақталған курстар түрінде болады. Негізгі орта сыныптарда білім алушының жеке адам ретінде қалыптасуын, оның бейімділіктерін, өзінің бойындағы қасиеттерін анықтайтын қабілеттерін, ғылым негіздерін терең оқуын және ғылыми көзқарасының қалыптасуын дамытуды қамтамасыз етеді.
  2. Оқу жылы сәйкесті жылдың 2-ші қыркүйегінде басталып келесі жылдың 25-ші мамырында аяқталады.

         Оқу жылы тоқсандарға бөлінеді:

         1) 1 тоқсан: 2 қыркүйектен 30 қазан дейін;

         2) 2 тоқсан: 6 қарашадан 28 желтоқсанға дейін;

         3) 3 тоқсан: 8 қаңтардан 20 наурызға дейін;

         4) 4 тоқсан: 3 сәуірден 25 мамырға дейін.

         Сонымен қатар, 1-ші сынып оқушылары мен мектеп алды даярлық оқушылары үшін ақпан айында қосымша каникулдар белгіленеді.

  1. Мектептерде оқу сабақтары сағат сегізден ерте басталмайды.

         Оқу аптасының ұзақтығына қарамастан оқушылардың күндізгі оқу жүктемесі бастауыш сыныпта бес сабақтан және негізгі және орта мектепте жеті сабақтан аспайды.

  1. Мектептегі сабақтың ұзақтығы санитарлық нормаларға сәйкес болуы тиіс. Бірінші сыныптарда бірте-бірте оқу жүктемесін арттыра отырып, «сатылы» оқу сабақтары үшін пайдаланады.

         Еңбек сабағынан басқа біріккен сабақтарға жол берілмейді. Бірінші сынып оқушылары үшін бір жыл ішінде қосымша бір апталық демалыстар ұйымдастырылады.

  1. Сабақтар арасындағы үзілістердің ұзақтығы санитарлық нормаларға сәйкес болуы тиіс.
  2. Білім алушыларға үй тапсырмасын орындау үшін уақыт көлемін олардың ата-аналары және өзге де заңды өкілдер өз бетінше белгілейді.
  1. Мектептегі тәртіп білім алушылар мен оқытушылардың өзара адамгершілік қасиеттерін құрметтеу негізінде құрылады.

         Білім алушыларға дене моральдік және психикалық зорлық әдістерін қолдануға рұксат етілмейді.

  1. Мектепте нәсілдік ұлттық, діни, әлеуметтік ымырасыздық пен артықшылықты насихаттау, соғысқұмарлық және халықаралық кұқық пен ізгіліктің жалпы танылған принциптеріне қайшы келетін өзге идеяларды таратуға тиым салынады.
  2. Әскерге дейінгі және әскерге шақырылатын жастағы оқушы жастардың бастапқы әскери даярлығы Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленген тәртіпте негізгі жалпы білім базасында Мектепте өткізіледі.
  3. Қазақстан Республикасының азаматары және азаматтығы жоқ адамдар қабылдау шарттарына сәйкес білім алатын мектепті таңдауға кұқығы бар.
  4. Мектептің оқу-тәрбие процесі білім алушылардың денсаулығының жағдайын есепке ала отырып жүзеге асырылады.

         Білім алушылардың ауруының алдын алу, денсаулықтарын нығайту, дене шынықтыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша қажетті шараларды орындауды қамтамасыз етеді.

  1. Білім алушылардың ақылы және ақысыз тамақтануын ұйымдастыруды арнайы бөлінген жерде тиісті келісім-шарт негізінде қоғамдык тамақтану кәсіпорынымен бірігіп жүзеге асырады.

         Оқудың, тәрбиенің, еңбектің және демалыстың сау және қауіпсіз жағдайларын жасау жауапкершілігі Басқару органы мен Мектеп басшылығына, ал бақылау сәйкесті мемлекеттік органдарға жүктеледі.

  1. Лицензиясы бар және жалпы оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын Мектеп қорытынды мемлекеттік аттестациядан өткен 9 және 11 сынып оқушыларына білім деңгейі жөнінде мемлекеттік үлгідегі құжаттарын тапсырады.

         Мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысаны және оларды тапсыру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметі заңнамаларымен анықталады.

  1. Сәйкесті білім деңгейі жөніндегі мемлекеттік үлгідегі құжат келесі деңгейдегі білім ұйымдарында оқуды жалғастыру үшін қажетті шарт болып табылады.
  2. Оқуды бітірмеген азаматтарға белгіленген үлгідегі анықтама беріледі.
  3. Қазақстан Республикасында мектеп бітіргені жөніндегі құжатты тану Қазақстан Республикасынан тыс жерде сәйкесті халықаралық шарттар (келісім) негізінде жүзеге асырылады.
  4. Шет ел мектептерінде берілген білім туралы кұжат Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық шарттар (келісім) негізінде танылады. Халықаралық шарттар (келісім) жоқ болған жағдайда азаматтардың Қазақстан Республикасынан тыс жерде алған білім туралы кұжаты Қазақстан Республикасында тану және сәйкесті куәлікті беру Қазақстан Республикасының білім саласындағы орталық атқарушы органдарымен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

 

  1. Білімді ағымдағы бақылау, білім алушыларды аралық аттестаттау жүйесі, оларды Мектепте өткізудің нысаны және тәртібі

 

  1. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылауды барлық оқу пәндері бойынша мұғалімдер 2-11 (12) сыныптарда оқу жылының бірінші тоқсанынан (жарты жылдығынан) бастап жүргізеді.

         1-сыныптың бірінші жартыжылдығында оқу материалын меңгеру деңгейіне баға қойылмайды.

  1. 1-11 (12) сыныптардың білім алушыларының пәндер бойынша жылдық бағасы тоқсандық (жартыжылдық) бағалардың негізінде қойылады.

         5-11 (12) сыныптардың білім алушыларының пәндер бойынша қорытынды бағасы тоқсандық, жылдық және емтихан бағаларының негізінде қойылады.

         Тоқсандық, жартыжылдық, жылдық және қорытынды бағаларды қайта қарауға рұқсат берілмейді.

  1. Бір немесе екі пәннен қанағаттанарлықсыз бағалары бар 2-4-сыныптардың білім алушылары үшін ауызша, жазбаша немесе тест тапсырмалары нысанындағы бақылау жұмыстары қайта ұйымдастырылады. Бақылау жұмыстарының қорытындысы бойынша «3», «4», «5» деген бағаларын алған білім алушылар келесі сыныпқа көшіріледі.
  2. Бір немесе екі пәннен қанағаттанарлықсыз бағалары бар 5-8 (9), 10 (11) сыныптардың білім алушылары аралық аттестаттауға жіберіледі.

         Үш немесе одан да көп пәндерден қанағаттанарлықсыз бағалары бар                2-8 (9), 10 (11) сыныптардың білім алушылары аралық аттестаттауға жіберілмейді, қайта оқу жылына қалдырылады.

         1-сынып білім алушылары психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсынымдары және ата-аналардың немесе баланың заңды өкілдерінің келісімі бойынша қалдырылған білім алушыларды қоспағанда, қайта оқу жылына қалдырылмайды.

  1. 5-8 (9), 10 (11) сыныптардағы білім алушыларды аралық аттестаттау оқу жылы аяқталғаннан кейін 31 мамырға дейін жүргізіледі. Аралық аттестаттау оқу пәндерінің тізбесі (екіден артық емес), нысандары мен өткізу мерзімдері білім беру ұйымының мектептің педагогикалық кеңесінің (бұдан әрі – педагогикалық кеңес) шешімімен белгіленеді.
  2. Бір немесе екі пәннен қанағаттанарлықсыз қорытынды бағалары бар 5-8 (9), 10 (11) сыныптардың білім алушылары осы пәндер бойынша қайта аралық аттестаттаудан өтеді.

         Жазғы каникул кезеңінде осы білім алушыларға тиісті пәндер бойынша оқу тапсырмалары беріледі.

  1. Қайта аттестаттау оқу жылы аяқталғаннан кейін 3 аптадан соң жүргізіледі. Қайта аттестаттау кезінде қанағаттанарлықсыз қорытынды баға алған жағдайда, білім алушылар қайта оқу жылына қалдырылады.
  2. 2-8 (9), 10 (11) сыныптардан келесі сыныпқа барлық оқу пәндері бойынша жылдық және қорытынды бағалары «3», «4», «5» болған білім алушылар көшіріледі.
  3. Барлық оқу пәндері бойынша жылдық бағалары «5» болған 5-8 (9), 10 (11) сыныптардың білім алушылары келесі сыныпқа емтихансыз көшіріледі.

 

  1. Мектеп пен білім алушылардың және (немесе) олардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерінің қарым-қатынасын рәсімдеу және регламенттеу
  1. Білім алушылар:

         1) мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарттарына сәйкес білім алуға;

         2) мұғалімдер кеңесінің шешімімен жалпы міндетті мемлекеттік білім беру стандарттары шеңберінде жеке оқу жоспарлары, жеделдетілген білім беру бағдарламалары бойынша оқуға;

         3) өзінің бейімділігі мен қажеттеріне қарай қосымша білім беру қызметін пайдалануға білім алуға, оқу жоспарларына сәйкес баламалы курстар таңдауға;

         4) Мектепті басқаруға қатысуға;

         5) Мектепке қайта қабылдануға және оқудың бір нысанынан екіншісіне ауысуға;

         6) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдары кітапханаларының ақпараттық ресурстарын тегін пайдалануға, оқулықтармен тегін қамтамасыз етілуге;

         7) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен халықты жұмыспен қамту саласының жағдайы туралы ақпарат алуға және кәсіби- диагностикалық зерттеуден өтуге;

         8) өз пікірі мен сенімін еркін білдіруге;

         9) өзінің адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне;

         10) оқудағы ғылыми және шығармашылық қызметтегі табыстары үшін көтермеленуге және сыйақы алуға;

         11) жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруге;

         12) оқу процесінен алаңдатылмауға;

         13) Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес басқа да (білім алушылардың жекелеген санаттары үшін) жеңілдіктер алуға;

         14) мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарттары көлемінде білімді, шеберлік пен практикалық дағдырларды меңгеруге, ішкі тәртіп ережелерін сақтауға;

         15) Жарғыда көзделген, басқа да міндетті талаптарды орындауға;

         16) өздерінің денсаулығына көңіл бөлуге, рухани және дене бітімін өздігінен жетілдіруге ұмтылуға құқылы.

  1. Білім алушылар міндеттерін бұзғаны үшін оларға қолданыстағы заң талаптарында және осы Жарғыда көзделген тәртіптік ықпал ету шаралары қолданылуы мүмкін.
  2. Орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасы (бұдан әрі – Мектеп формасы) оқытудың зайырлы сипатына сәйкес келеді.

         Мектеп формасының үлгісі, түсі классикалық стильде, бірыңғай түс гаммасында жасалады, үшеуден асырмай түстерді араластыруға рұқсат етіледі. Мектеп формасының түсі қалыпты және ашық емес түстерден таңдалады.

  1. Мектеп формасы білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай енгізіледі.
  2. Мектеп формасы күнделікті, мерекелік және спорттық болып бөлінеді.
  3. Ұлдардың мектеп формасы: пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка).

         Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.

  1. Қыздардың мектеп формасы: пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде, ақ, көк бантик (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
  2. Ұлдардың мерекелік формасы күнделікті формаға қосымша ақ жейдеден, қыздар үшін ақ түсті блузкадан құралады.
  3. Ұлдар мен қыздарға арналған спорттық форма спорттық костюмнен (спорттық шалбар, куртка, футболка), спорттық аяқ киімнен (крассовка, кеды) тұрады.
  4. Мектеп формасына классикалық пішіндегі мектеп формасының негізгі түсіне сәйкес немесе кереғар келетін галстук тігіледі.
  5. Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды. Қыздарға бас киім, соның ішінде орамал тағуға, кимешек киюге және т.б., қатаң тыйым салынады.
  6. Білім беру  ұйымдарының қызметі тиісті  үлгідегі  білім  беру  ұйымдары  қызметінің  ережелерімен  және  жоғарыда көрсетілген  талаптар  ата-аналармен  бірге  жарғыға  сай  келісім  шарт  негізінде  жүзеге  асырылады.
  7. Мектеп формасына орта білім беру ұйымының ерекшелік белгілерін (белгілер, тігіспелер және т.б.) салуға болады. Олар киімнің немесе аксессуардың (пиджак, жилет және галстук) жоғарғы бөлігінде орналасады.
  8. Мектеп формасына қойылатын талаптар климаттық жағдай, оқу сабақтарының өткізілу орны және оқу ғимаратындағы температуралық режим ескеріліп, іске асырылады.
  9. Мектеп формасына қойылатын талаптар бойынша жарақаттайтын фурнитурасы бар киім мен аксессуарлар киюге тыйым салынады.
  1. Мектеп формасын енгізу барысында мата құрамына назар аударылады.
  2. Мектеп формасының матасы ретінде қасиеттері жақсартылған жартылай жүн және мақта, киіске төзімді, антибактериалдық, антимикробтық және антистатикалық қасиеттері бар маталар қолданылады.
  3. Мектеп формасының түсін, фасонын таңдауды және юбканың ұзындығын орта білім беру ұйымы мен қоғамдық кеңес айықындайды, жалпымектептік ата-аналар жиналысының хаттамасымен бекітіледі.
  4. Мектеп формасына өзгерістер енгізу туралы шешім қоғамдық кеңеспен келісу арқылы қабылданады.
  5. Ата-аналар және өзге заңды өкілдер білім алушылардың орта білім беру ұйымында белгіленген мектеп формасын киюіне жауап береді.
  6. Білім алушылар оқуға тырысуға, үлгілі болуға, қоғам өміріне белсеңді қатысуға, мектеп оқушыларының ережесін орындауға міндетті.
  7. Білім алушылар Мектеп мүлкіне ұқыптылықпен қарауға міндетті және материалдық залал келтірген жағдайда Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес толықтай немесе өзінің ата-анасы мен өзге де заңды өкілдерінің есебінен жауапкершілікке тартылады.
  8. Туристік жорықтар, экскурсиялар, спорттық жарыстар және басқа шаралар ата-аналар комитетінің келісімі бойынша Мектеп басшысының рұқсатымен сапардың мақсаты және түрі білім алушылардың жасы қауіпсіздік ережелерін сақтау және тағы басқа жағдайларын есепке ала отырып, тиісті мұғалімнің басшылығымен өткізіледі.
  9. Барлық өткізілетін шаралар Мектептегі оқу-тәрбие жоспарының кестесіне сәйкес жауапты мұғалімнің қатысумен сағат 20:00-ге дейін аяқталуы қажет.
  10. Әрбір сынып өз кезекшілігін сынып жетекшісінің басшылығымен, Мектеп басшысы бекіткен кестеге сай өткізеді.
  11. Кезекші сынып өзінің кезекшілігі уақытында ішкі тәртіпке, реттілікке, тазалыққа Мектеп мүлкінің сақталуына жауапты болады.
  12. Кезекші сынып үзіліс кезінде барлық білім алушылардың тәртібіне бақылау жасайды.
  13. Мектепішілік жиындарда кезекшілікті жақсы атқарған сыныптар, бесенді қатысушылар көтермеленеді.
  14. Білім алушыларды көтермелеу және тәртіптік жазалар түрлері Мектеп ата-аналар комитетінің келісімі бойынша сыныптар жиналысында жасақталады және қабылданады және педагогикалық кеңеспен бекітіледі.
  15. Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдері:

         1) мектепті баланың қалауын, оның жеке басының бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып таңдауға;

         2) ата-аналар комитеті арқылы мектеп жұмысына қатысуға;

         3) өз балаларының үлгерімі, тәртібі және оқу жағдайлары жөнінде ақпарат алуға;

         4) психологиялық, медициналық және педагогикалық консультациялардан өз балаларын оқыту мен тәрбиелеу проблемалары жөнінде көмек алуға құқылы.

  1. Оқушылардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдері:

         1) балалардың өмір сүруі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, олардың интеллектуалдық және дене күшін дамытуын, адамгершілік жағынан қалыптасуын қамтамасыз етуге;

         2) бес (алты) жасында балалардың мектепке барар алдындағы дайындығын қамтамасыз етуге, ал алты (жеті) жастан бастап жалпы білім беретін мектепке беруге;

         3) Мектеппен ынтымақтастық қарым-қатынас жасауға;

         4) балаларының Мектепке баруын қамтамасыз етуге;

         5) балаларының Мектептің ішкі ережелерін орындауына, Мектепке мектеп формасын сақтап келуін қамтамасыз етуге міндетті. 

  1. Мектепке бекітілген меншік нысандарын пайдалану тәртібі

 

  1. Мемлекеттiк мекеме мүлкiн бағасы оның теңгерiмiнде айқындалатын заңды тұлғаның активтерi құрайды. Мемлекеттiк мекеменiң мүлкi мыналардың:

         1) оған меншiк иесi берген мүлiк;

         2) өз қызметi барысында сатып алған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда);

         3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздерi есебiнен құрылады.

  1. Мектептің дербес иелiктен шығаруға немесе оған бекiтiлген мүлiк пен оған смета құралдары бойынша бөлiнген мүлiкке өзгеше тәсiлмен иелiк етуге құқығы жоқ.
  2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен мемлекеттiк мекемеге кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда бiлiм беру, сорт сынағы, ветеринария, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттiк мекемелер, сондай-ақ мемлекеттiк кiтапханалар, мемлекеттiк мұражайлар мен мұражай-қорықтар өндiретiн тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түсетiн ақшаны қоспағанда, мұндай қызметтен алынған ақша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиiстi бюджеттiң есебiне жатқызылады.
  3. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында қосымша қаржыландыру көзi белгiленбесе, мемлекеттiк мекеменiң қызметi тиiстi саланың уәкiлеттi органы немесе жергiлiктi атқарушы органы бюджетiнен не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң бюджетiнен (шығыстар сметасынан) қаржыландырады.
  1. Мектеп бухгалтерлiк есеп жүргiзедi және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептiлiк ұсынады.
  2. Мектептiң қаржылық-шаруашылық қызметiн тексеру және ревизия Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiппен Басқару органы жүзеге асырады.

 

  1. Мектептің қаржыландыру көздері, олардың қызметін материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету

 

  1. Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы орта білім алуына – Мектепті ұстауды бюджеттен қаржыландыру мемлекеттік кепілдіктердің негізі болып табылады.
  2. Мектепті қаржыландыру үлгісі мен түрі бойынша бір білім алушыға есептеліп айқындалатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін қаржыландыру нормативтерінің негізінде жергілікті бюджеттер есебінен жүзеге асырылады.
  3. Қаржыландыру нормативтерінің абсолютті мөлшері инфляция қарқынына сәйкес үнемі индекстеліп, оны Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын бекітіп отырады.
  4. Мектеп өзге қаржылық және материалдық түсімдерді, соның ішінде валюталық түсімдерді Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген тәртіппен пайдаланады.
  5. Мектепке түскен қаржы оқу-әдістемелік және материалдық базаны нығайтуға және қызметкерлердің шығармашылық жұмысын және оқушылардың білім алу мен тәрбиеде жоғары қорытындыларға жетуін ынталандыруға ол туралы Құрылтайшыға және Басқару органына қатаң қаржылық есеп бере отырып пайдаланылады.
  6. Мектептің материалдық-техникалық базасын жасау және дамыту жергілікті бюджет және қолданыстағы заңдарда көзделген өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
  7. Мектеп тек қана өзінің жарғылық мақсаттарына жету үшін Құрылтайшының және Басқару органының келісімі бойынша өзіне бекітілген мүлкімен, жергілікті бюджеттен бөлінген қаржылық көздерге иелік етуге, оны пайдалануға кұқылы.
  8. Мектептің жеке қаржысы мен өзіне бекітілген мүлік есебінен орталықтандырылған қорлар (резервтік, материалдық ынталандыру, дамыту және тағы басқа) құруға құқығы бар.
  9. Мектепті қайта құру және жекешелендіру Қазақстан Республикасының білім саласындағы орталық атқарушы органдарының келісімі бойынша Құрылтайшымен жүргізіледі.

        

  1. Құрылтайшының құзыреті

 

  1. Құрылтайшының құзыреті:

         1) мектеп жасындағы балалардың есебін жүргізеді және олардың орта білім алғанға дейінгі оқуын ұйымдастырады;

         2) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға қамқоршылық және қорғаншылық жасауды ұйымдастырады, оларды балалар үйлеріне немесе интернаттық ұйымдарға орналастырады;

         3) меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, жергілікті бағыныстағы мектепте оқу-тәрбие процесі мазмұнының мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарттары талаптарына сәйкес келуіне мезгіл-мезгіл бақылау жасауды ұйымдастырады және оны өз құзыреті шегінде бақылап отырады;

         4) Мектептің жарғысын бекітеді;

         5) аймақтық деңгейде педагог кадрларды қайта даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды, әдістемелік қамтамасыз етуді жоспарлайды және ұйымдастырады;

         6) ғимараттарды, бөлмелерді және Мектептің өзге меншік нысандарын жалға беру туралы келісім-шарттарына және жергілікті бюджеттен бөлінген мемлекеттік қаржыны пайдалануына бақылау жасайды;

         7) педагог қызметкерлерді аттестаттауды өткізеді және оларға біліктілік разрядтарын береді;

         8) Басқару органының Мектеп басшысын тағайындау және қызметтен босату әрекетінің заңдылығын қадағалайды;

         9) жалпы орта білім беру мәселелері бойынша жоғары тұрған органдарға статистикалық есеп беріп отырады.

 

  1. Мектептің құрылымы, басқару органдарын кұру тәртібі, олардың құзыреті және қызметін ұйымдастыру тәртібі

 

  1. Мектептi жалпы басқаруды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған Басқару органы жүзеге асырады.
  2. Басқару органы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген ретпен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

         1) Мектепке мүлiктi бекiтiп бередi;

         2) Мектептiң жеке қаржыландыру жоспарын бекiтедi;

         3) Мектеп мүлкiнiң сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

         4) Мектеп жарғысын (ережесiн) дайындайды, оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзедi;

         5) Мектептiң басқару органдарының құрылымын, құрылуы тәртiбi мен өкiлеттiк мерзiмiн, мемлекеттiк мекеменiң шешiмдер қабылдау тәртiбiн анықтайды;

         6) Мектеп басшысының құқықтарын, мiндеттерi мен жауапкершiлiгiн, оны лауазымынан босату негiздерiн айқындайды;

         7) Мектептiң құрылымы мен шектi штаттық санын бекiтедi;

         8) Мектеп басшысының ұсынымы бойынша оның орынбасарын (орынбасарларын) лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;

         9) жылдық қаржы есептiлiктi бекiтедi;

         10) мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi органға, Мектепке берiлген немесе өзiнiң шаруашылық қызметiнiң нәтижесiнде олар сатып алған мүлiктi алып қоюға немесе қайта бөлуге келiсiмiн бередi;

         11) мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша Мектепті қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады;

         12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

  1. Мектеп басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, Басқару органымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
  2. Мектептiң басшысы мемлекеттiк мекеме жұмысын ұйымдастырады және басшылық етедi, Басқару органына тiкелей бағынады (Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда) және Мектепке жүктелген мiндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.
  3. Мектептiң басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етедi және Мектеп қызметiнiң барлық мәселелерiн Қазақстан Республикасының заңнамасында және мемлекеттiк мекеменiң жарғысында (ережесiнде) айқындалатын өз құзыретiне сәйкес дербес шешедi.
  4. Мектептiң қызметтi жүзеге асыруы барысында Мектеп басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiппен:

         1) Мектеп атынан сенiмхатсыз әрекет етедi;

         2) мемлекеттiк органдарда, басқа да ұйымдарда Мектептiң мүддесiн бiлдiредi;

         3) шарттар жасасады;

         4) сенiмхаттар бередi;

         5) Мектептiң iссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлердi қазақстандық және шетелдiк оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн жоғарылатудың басқа да түрлерiне байланысты тәртiбi мен жоспарларын бекiтедi;

         6) банк шоттарын ашады;

         7) барлық қызметкерлер үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi;

         8) Құрылтайшының тағайындайтын қызметкерлерінен басқа, Мектеп  қызметкерлерiн жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

         9) Мектеп қызметкерлерiне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға көтермелеу және тәртіптік шара қолданады;

         10) өз орынбасарының (орынбасарларының) және Мектептiң басқа да қызметкерлерiнiң мiндеттерi мен өкiлеттiк аясын айқындайды;

         11) оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы Жарғымен және Басқару органымен жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.

  1. Мектепте алқалы басқару органдары құрылады.

         Мектепті алқалы басқарудың нысандары, оларды сайлау тәртібімен қоса, жұмысты ұйымдастырудың ережелерін Басқару органы бекітетін қамқоршылық кеңес, педагогтік кеңес және әдістемелік кеңестер бола алады.

 

  1. Мектеп қызметкерлерінің штатын толықтыру тәртібі, оларға еңбекақы төлеу шарттары, олардың құқықтары мен міндеттері

 

  1. Мектепте Қазақстан      Республикасының      қолданыстағы      білім саласындағы заңнамаларында көзделген тәртіпте ғана тиісті кәсіптік білімі бар азаматтардың педагогтік қызметпен айналысуға құқығы бар.
  2. Педагог қызметкерлердің, әкімшілік және қызмет көрсету персоналының еңбек қарым-қатынасы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен реттеледі.
  3. Педагогтік қызметке осы қызметті атқаруға сот үкімімен тыйым салынған және соттылығы бар адамдар жіберілмейді.
  4. Мектеп қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарында белгіленген тәртіппен айқындалады.
  5. Бюджеттен алынатын қаражат есебінен ұсталатын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу ережесі еңбекақы төлеу саласындағы жергілікті атқару органымен келісе отырып Құрылтайшы бекітеді.
  6. Мектеп қызметкерлерінің жалақысы мен қызметтік айлық ақылары олардың біліктілігіне, қызмет міндеттеріне сәйкес белгіленеді.
  7. Мектеп өздеріне бюджеттен бөлінген еңбекке ақы төлеу қаражаты шегінде, сондай-ақ, кәсіпкерлік қызмет есебінен үстеме, қосымша ақылардың, сыйлықтардың және ынталандыру сипатындағы басқа да төлемдердің мөлшерін өздері белгілеуі мүмкін.

         Бюджет қаражатынан ынталандыру сипатында төленетін төлемдер жалақының кепілді бөлігі бойынша берешек болмаған жағдайда ғана жасалуы мүмкін.

  1. Мектептің педагог-қызметкерлеріне сыныпқа басшылық жасағаны үшін, дәптерлерді, жазба жұмыстарын тексергені үшін, оқу кабинеттеріне меңгерушілік еткені үшін қосымша ақы Қазақстан Республикасы Үкіметінің еңбекақы төлеу туралы заңдылықтарына сәйкес төленеді.
  1. Өз қаражаты есебінен еңбекке ақы төлеу жөніндегі ережені Мектеп Құрылтайшының және Басқару органының келісімі бойынша дербес айқындайды.
  2. Мектеп қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері Жарғымен, ішкі тәртіп ережелерімен және қызметтік нұсқаулармен айқындалады.
  3. Педагогтік қызмет атқаратын адамдар педагог қызметкерлер болып есептеледі.
  4. Мектептің педагог қызметкерлері:

         1) кәсіптік қызмет үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілуге;

         2) мемлекеттік жалпы міндетті стандарт сақталған жағдайда педагогтік қызметті ұйымдастырудың тәсілдері мен нысандарын еркін таңдауға;

         3) ғылыми зерттеулер тақырыбын және олардың нәтижелерін педагогикалық практикада пайдалану нысандарын еркін тыңдауға;

         4) Мектептің басқару органдары жұмысына қатысуға;

         5) жұмыстан қол үзе отырып, Құрылтайшының қаражаты есебінен бес жылда бір рет ұзақтығы төрт айдан аспайтын уақытта өздерінің біліктілігін арттыруға;

         6) санатын көтеру, қызметінде өсу мақсатында мерзімінен бұрын аттестатталуға;

         7) қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес ұзақтығы күнтізбелік 56 күнге демалыс алуға;

         8) жеке педагогикалық қызмет жүргізуге;

         9) өзінің кәсіптік абыройы мен қадір-қасиетін қорғауға;

         10) Мектеп пен олардың қызметкерлерінің білім беру және экономикалық қызметінің көзі болып табылатын материалдық активтер (ғылыми, әдістемелік еңбектер, патенттер, бағдарламалық қамтамасыз ету, білім беру және ақпарат технологиялары және тағы басқалар) нысанындағы интеллектуалдық меншігін меншіктің басқа түрлерімен бірдей қорғауға;

         11) Мектеп әкімшілігінің бұйрықтары мен өкімдеріне шағым жасауға;

         12) педагогикалық қызметтегі табыстары үшін материалдық және моральдық жағынан көтермеленуге, ордендермен және медальдармен, құрметті атақтармен, төсбелгілермен және грамоталармен марапатталуға;

         13) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес кезегі бойынша тұрғын үй алуға;

         14) өздерінің негізгі қызметтеріне тән емес қызметтерді атқаруға келісім беруге немесе бермеуге;

         15) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қосымша ақы алуға (Мектептің эксперимент режимінде жұмыс істейтін педагог қызметкерлері) құқылы.

  1. Педагог қызметкерлер:

         1) білім алушылардың тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген деңгейден төмен емес білім, шеберлік және дағды алуын камтамасыз етуге;

         2) білім алушылардың жеке және шығармашылық қабілеттерін ашып, оны дамытуына жәрдемдесуге;

         3) өз біліктілігін арттыруға;

         4) педагогтік әдеп нормалары мен Мектептің ішкі қызмет және тәртіп ережесін сақтауға;

         5) білім алушылардың қадір-қасиетін құрметтеуге;

         6) салауатты өмір салтын жүргізіп, оны білім алушылар арасында насихаттауға міндетті.

  1. Мектепте саяси партиялардың қоғамдық-саяси жұмыстар жүргізуіне, діни қозғалыстар мен ұйымдар құрылымының құрылуына және қызмет жүргізуіне жол берілмейді.

 

  1. Мектептің сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мәселесі бойынша міндеттері

 

  1. Мектеп басшысы мен қызметкерлері өз лауазымдық өкілеттіктерін бұлжытпай орындауы, сыбайлас жемқорлық бойынша заң бұзушылықтарды болдырмауы, оның ішінде бюджет қаржысының мақсатты жұмсалуын бақылау, қаржы мәселесіндегі келеңсіздіктерге жол бермеуі тиіс.
  2. Мектепте құқықтық сауаттылықты қалыптастыру мақсатында құқықтық оқу ұйымдастыруы және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында ішкі талдау жүргізуі тиіс.
  3. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтарды болдырмау, оқушылардан ақша жинау, сыйлықтар алу және осы тектес т.б. фактілерге жол берілмейді және бұған Мектеп басшысы тікелей жауапты болады.

 

  1. Мектептегi еңбек тәртiбi, Мектеп әкімшілігі мен еңбек ұжымының өзара қарым-қатынасы

 

  1. Мектептің жұмыс тәртiбi iшкi еңбек тәртiбiнiң қағидаларымен белгiленедi және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуi тиiс.
  2. Мектеппен еңбек шартын жасасқан азаматтардың еңбек қатынасы Қазақстан Республикасының еңбек заңдарымен реттеледі.
  3. Еңбек ақы төлеу нысандары, штаттық кесте, лауазымдық жалақылар мөлшерін Мектеп әкімшілігі еңбек ақы төлеу қорының белгіленген шегінде заңнамаға сәйкес жүргізеді.
  1. Мектеп әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес белгіленеді.
  2. Мектептің барлық қызметкерлері Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген мөлшерлер мен жағдайларда әлеуметтік сақтандыру, зейнетақылық және әлеуметтік қамсыздандыруға жатады.

 

  1. Мектептің құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi

 

  1. Мектептің құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу Құрылтайшының шешiмiмен жүзеге асырылады.
  2. Мектептің құрылтай құжаттарына енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тiркеледi.

 

  1. Мектептi қайта ұйымдастыру және тарату шарттары
  1. Мектепте қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

  1. Мектептiң филиалдары мен өкiлдiктерi туралы мәлiметтер

 

  1. Мектептің филиалдары мен өкiлдiктерi жоқ.