13 Қаз 2020
Материал Г.Муратбаев

Мектеп кітапханасы

Мектеп – білім ошағы болса, мектеп кітапханасы жан-жақты білім мен тәрбие берер мәдени орынның бастысы болып саналады.

Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектеп  кітапханасының есептік көрсеткіштері:
1. Барлық қор (жалпы мектеп кітапханасының қоры) 24453

Оның ішінде: Оқулықтар саны 16139
                     Көркем әдебиет саны 3372
2. Электронды оқулықтар саны (аудио,видео) 65 дана

 Негізгі бақылау көрсеткіштері:

р/с    2016-2017 оқу жылында 2017-2018 оқу жылында
1 Оқырман саны 510 520
2 Кітапханаға келу саны 4098 5028
3 Кітап берілу саны 5738 5745

Ел Президентінің «Қазақстан-2050» бағдарламасында: «XXI ғасырда білімсіз өмір сүру мүмкін емес, халықты салауатты да,сауатты өмірге бағыттауымыз керек» деген сөздері бүгінгі ұрпақ, ертеңгі ел азаматтарына білім мен тәрбие берер жандарға міндеттелген тапсырма іспетті. Бүгінгі күні жас ұрпаққа берілер білім мен тәрбиенің өз мәнінде сапалы болуы бірінші кезекте тұрғаны анық. Осыған орай еліміздегі бірден-бір руханият ордасы-кітапхананың алар орны ерекше.

Кітап мұхитында бағыт табуға,әлемдік әдебиет сайтында бағдар іздеуге кім үйретіп, кім қол ұшын береді. Сөз жоқ кітапхана! Өйткені тек кітапхана-әрбір қоғамның мәдениетінің көрсеткіші, мінездемесі мен өмірінің бір көрінісі. Тәуелсіз Қазақстанның келешегі жас ұрпақты тәрбиелеп отырған мектеп дейтін болсақ, сол мектепте орналасқан кітапхана осы міндетті бірге атқарады. Мектеп кітапханасы педагогикалық ұжыммен және мектептің қоғамдық ұйымдарымен бірлесе отырып, оқушылар арасында тәрбие жұмысын жандандыру арқылы оқушылардың жеке бастарының білімін тереңдету, қоғамға пайдалы азамат болып өсулеріне жағдай жасау үшін ақпараттық-библиографиялық жұмыстар жүргізеді.
 Кітапханаға келіп түскен жаңа кітаптар кітап көрмелері арқылы және библиографиялық көрсеткіштер арқылы насихатталып отырылады.

 

 

«БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: рухани  жаңғыру» атты тақырыпта кітап көрмесі

 

 

 «Сенің өмірің сиқырлы әлемің» атты тақырыпта балаларға арналған кітап көрмесі

 

«Кітап- білім бұлағы»   ата-аналар, мұғалімдер   мектеп кітапханасында

 

Оқушылар     мектеп  кітаханасында 

Мектеп кітапханасының жұмысының мақсаты:

            Кітапхана оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыруға, ақпаратқа қол жеткізуге, соның ішінде өзіне қажетті білімді іріктеп, таңдап алуға үйрету. Ол мектеп оқытушылары мен оқушыларына біліми орта құру арқылы ақпараттар көзінің мүмкіндіктерін аша отырып, ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

            Кітапхана — ғасырлар бойы келе жатқан биік парасаттылық пен білімділіктің киелі ордасы . Әсіресе, оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір. Қазіргі кезде адамдардың өскелең талаптарын қанағаттандыру, рухани байлығы мен жалпы қабілетін дамытуда кітапхананың қосар үлесі зор. Соның ішінде мектеп кітапханасы — оқушыға әдебиет таңдауға, оқырмандық қызығушылығын кеңейтуге, мұғалімге кәсіби өсуін көмектесуші, оқуға, дүниені тануға қозғау салушы.


Кітапхана жұмысының негізгі бағыттары

Саяси-идеологиялық бағыттағы жұмыстар.
Жас ұрпақтың өз Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында туған өлке туралы білімін кеңейту. Ондағы мақсат ғасырлар бойы қаcтер тұтып келген ар –намыс, ождан имандылық, инабаттылық, ата-анаға, отанға, туған өлкеге, туған елге, жерге, тілге, дінге сүйіспеншілік сияқты асыл қасиеттерді сіңіру.

 

«Өлке тарихы балалар көзімен»   атты тақырыпта кітап көрмесі

Кітапханашы жан-жақты тәрбие жұмысын мектеп педагогикалық ұжымымен біріге отырып оқырмандардың қоғамдық белсенділігін, творчестволық дербестігін қалыптастырып отыруға міндетті. Кітапхана балалардың қоғамдық ұйымдарымен тікелей байланыста болуы керек.Сондықтан әрбір кітапханашы өз міндеттерін түсініп оқушылардың жүйелі түрде кітап оқуларына басшылық жасап отыру керек.