Атырау қаласы, Жұмыскер ауылында орналасқан жалпы білім беретін Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектеп ғимараты 1965 жылы 1 қыркүйекте берілген. Мектептің алғашқы директоры –Мартиросян Ованес Еремович (1965-1972 ж.ж.)
Алғашқы кезде орыс-қазақ тілінде оқытатын мектепте 578 оқушы білім алып, 32 мұғалім дәріс берді. Мектеп ашылғаннан бастап мектеп ауласына Атырау өңірінде кездеспейтін талшын,туя, үйеңкі, ақ қайың, қалампыр т.б. 200-ден астам өсімдіктер түрі өсіріліп, оқушылардың ғылыми-тәжірибелік зерттеу жұмыстарын жүргізетін, үлкен экспериментальды алаңға айналды. Бау-бақшаны өсіруде 2011 жылы республикалық «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша, 2012 жылы қалалық «Жасыл аула» байқауында І дәрежелі дипломдарымен және табиғатты қорғауда қосқан үлестері үшін мектеп ұжымы бірнеше рет «Диплом» мен «Алғыс хаттармен» марапатталды.
Қазіргі таңда мектепте 869 оқушы, 75 педагогты біріктіретін ұжымды Гапуова Бибігүл Бахтығалиқызы басқарады.